Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші, жерлесіміз Қалиева Шарбану Шәриқызының “Ауылым – ән бесігім” атты ән кеші өтті.
Кеште Шарбану Шариқызы әндерін шырқап, көптің көңілін жырмен сусындатты. Майдакөл ауылдық округ әкімі Қ.Құрманбаев кеш иесін шығармашылық кешімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын тапсырды.
Сонымен қатар Шәрбану Қалиева ауылдық мәдениет Үйіне демеушілік жасап дыбыс күшейткіш аппаратурасын сыйға тартты. Мұнан соң ауыл ақсақалдары, аналарымыз әнші Шарбану Шәриқызына ізгі тілектерін білдіріп батасын берді.
«Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті» деп тегін айтылмаса керек.
Жұмабек Табынбаев,
Бекарыстан би ауылы,
Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!