Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ардагерлер арасында облыстық ән байқауы өтті

26.11.2025, 17:50 94

HALYQLINE.KZ

26 қараша күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы және Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл толуы аясында «Қазақ вальсінің королі – Шәмші» атты ардагерлер арасында облыстық ән байқауы өткізілді.

Байқау шымылдығы арнайы тақырыптық ролик және даңқты композитордың құрметіне жазылған Қалдыбек Құрманәлінің «Шәмші аға» әнімен ашылды.

Облыс аудандары және Байқоңыр, Қызылорда қаласынан қатысқан 20 талапкерге облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Мақсұт Баекеев сәттілік тіледі.

Байқауға «Құрмет» орденінің иегері, композитор Рамазан Тайманов, «Ерен еңбегі» медалінің иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Сәбит Ұлықпанұлы және ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Ляйла Насимханова төрелік жасады.

Талапқа сай қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде Шәмші Қалдаяқовтың әндерін, ал екінші кезеңде Қызылорда және Сыр елі туралы әндерді орындады.

Қазылар алқасының шешімі төмендегідей:

Бас жүлде – Асанбаева Саракүл – Шиелі ауданы

І орын – Тәжімбет Болатбек – Арал ауданы

ІІ орын – Құлмырзаев Керекжан – Қармақшы ауданы

ІІ орын – Тұрмағамбетқызы Роза – Сырдария ауданы

ІІІ орын – Ахай Маржанкүл – Қазалы ауданы, Махамбетов Дәріқұл – Байқоңыр қаласы, Назаров Сұлтан – Қызылорда қаласы

Байқауға қатысқан барлық ардагер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: