Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемді түбегейлі өзгерткен тұлғалар жайындағы фильмдер

23.10.2024, 17:10 50

HALYQLINE.KZ

Стивен Хокингтің әлемі

Шын махаббат пен тың жаңалық жайлы кинотуынды. Жас физик өзінің жаңа ұстазы, профессор Джейн Уайльдпен танысады. Профессор одан Англияның болашақ космологын көреді. Жастай жалындап тұрған Хокинг физика жайлы әңгмелескенді, құдай жайлы сырласқанды сондай-ақ өнер жайлы айтқанда жаны сүйетін. Десе де, кенеттен дәрігерлер Хокингтің тұла бойынан Лу Герига ауруының диагнозын анықтайды…

Гагарин. Космосқа ұшқан алғашқы жан иесі

Фильм ғарышқа ұшқан алғашқы адам, тағдыры қиысты ресейлік космонавт Юрий Гагаринге арналады. Лейтмотив – бірінші болуға талас, алғашқы отрядтағы бәсекелестік, технологиядағы КСРО мен АҚШ арасындағы қырғи-қабақ соғысы.

Шиндлер тізімі

1998 жылы жарыққан шыққан фильм желісі шынайы өмірден алынған. Нацистік партия мүшесі Оскар Шиндлер екінші дүниежүзілік соғыс барысында 1200-ге жуық еврейдің өмірін аман алып қалады.

Шығу тегі

XIX ғасырдың соңында британиялық ғалым Чарльз Дарвин «Адамдардың шығу тегі» кітабын жазады. Сол кездегі қоғам үшін өте тың жаңалық алып келген жас ғалымның теориясы тек ғана оның діндарларға қарсы соғыс пен қоғамнан оқшаулануға әкеліп қоймай, әйелімен де қарым-қатынасының үзілуіне түрткі болды.

Қауіпті әдіс

Сюжет белгілі австриялық ғалым, психоаналитик Зигмунд Фрейд пен Карл-Густав Юнгтің төңірегінде өрбиді. Екеуінің әдемі әрі ақылды Сабина Шпильрейнмен қарым-қатынасы уақыт өте келе күрделене түседі.

А.АБАЙҰЛЫ

 Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: