«Наурызнама» онкүндігі бойынша 17 наурыз –«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні.
Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов атаулы датаға орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Наурыз-думан» атты этнографиялық мерекелік іс-шара қатысты.
Онда ұлттық құндылығымызды дәріптеген «Көктем өрнегі» атты этнографиялық көрме ұйымдастырылып, «Тоғызқұмалақ», «Хан талапай» ойындары, «Мәдениет және өнер» залында қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаты, «Тұсау кесер», «Сырға салу» рәсімдері, «Ұлттық тағам – ұлт бренді» атты тағамдар көрінісі көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік шараға мәдениет саласының майталмандары мен қала тұрғындары, музей ардагерлері, студент жастар және оқушылар қатысты.
Партия филиалының төрағасы жиылған қауымды наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!