Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Люстрация келе жатыр…

31.10.2023, 17:50 205

HALYQLINE.KZ

Қарметкомбинаттағы қайғылы оқиға – ел билігінің шетелдік олигархтармен ауыз жаласа отырып, тұтас ұлтты құлдануының сорақы көрінісі. Мұның басында Назарбаев және оның жемқор кланының тұрғандығы белгілі. Сондықтан Назарбаев пен оның сыбайластарын жауапқа тартып, жазасын бермей, бұл іс бітпек емес.

Қысқасы, қазаққа ұлттық ревизия керек! Кешеден бері Карметкомбинаттың Митталға су тегінге сатылуы туралы жарияланып жатқан масқара ақпараттар осы ревизияның басталғанының бір белгісі деуге болады. (Әрине бұл ақпараттық қана, дегенмен бұл ақпараттар қоғамдық пікір тудырады, өз кезегінде ол саяси билікке әсер етеді, әрі қарай түрлі процестерге ұласады, т.б. ) Дегенмен, бұл ревизия ондаған, тіпті жүз жылға дейін созылуы мүмкін, яғни ұлт есейіп, мемлекетшілдік сана күшейген сайын Назарбаев пен оған қызмет еткен шенеуніктер мен ғалымдар, ақын, жазушылар, журналистер тағы басқа жалдаптардың мәселелері май шаммен қаралатын заман келмек және бұл кезең түрлі саяси-тарихи факторларға байланысты ұзаққа созылмақ. Түбі қазақ люстрациясы болмай қоймайды, біз саналы һәм бейсаналы түрде бұл кезеңге келе жатырмыз. Себебі өз елін, өз жерін, оның жер асты, жер үсті байлығын шетелдік олигархтарға сатып, туған халқын құлданудың тап осындай жабайы үлгісі ешбір мемлекетте бұрын-соңды мұндай масштабта болмаған. Біз қалай сынасақ та, президент Тоқаев бұл істің басын бастап берді, алайда Назарбаевтың қоясын қан-жынымен ақтаруға оның шамасы келмейді, ғұмыры да жетпейді. Себебі бұл өте қиямет-қайым іс, бұған ұлттың есейгені, халық санасының өскендігі, қоғамның жаңарғаны, жаңа буынның алмасқаны керек. Сол себепті де бұл люстрацияны келер ұрпақ толық жүзеге асырмақ. Сол кезде отыз жыл ел дәулетін тонап, қазақтың несібесін жегендер жетпіс жеті ұрпағына дейін қарабет болмақ, ал ұлтты тірідей жеген жемқорлар мен Назарбаевты мақтап-мақтап, оның билігін отыз жылға создырған екі жүзді жағымпаздардың немере, шөберелері амалсыз шетел аспақ.

«Көп аспанға бір тосқан» дейді халық даналығы. Һәр нәрсенің сұрауы бар, ұлттың тіпті…

Ерлан  ТӨЛЕУТАЙ.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: