Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күрішті көшеттеп қалай егеді? (Видео)

21.05.2021, 10:00 693

HALYQLINE.KZ Биыл қызылордалық шаруалар елімізде алғаш рет күрішті көшеттеп егуді бастады. Жапон технологиясын негізге алған күріш егудің тың тәсілін «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» «Golden Bridge Turan» ЖШС-мен бірелесіп жүзеге асыруда. Шаруалар ағымдағы жылы 300 гектар аумаққа аталмыш тәсілді қолданып, күріштің 3 түрін егуді межелеп отыр. Қазіргі таңда 35 гектарға Сыр салысы көшеттелген.

Күрішті көшеттеу – тіршілік көзін үнемдеудің бір жолы. Яғни, 30 күн бойы жылыжайда жаңбырлатып суару арқылы өсірілген көшеттер дәстүрлі әдіспен егілген күрішпен салыстырғанда 20-25 пайызға суды аз қажет етеді. Инновациялық әдіс өңірдегі аяқ судың тапшылығы кезінде суды үнемдеудің тың тәсілі деген Ы.Жахаев атындағы Қазақ Күріш ғылыми зерттеу-институтының басшысы Нұрбол Аппазов «Көшеттеу арқылы күріштің өнімділігін арттыруға да мүмкіндік аламыз», – дейді. «Гектарынан 85 центнерден өнім аламыз» деп болжап отыр мамандар.

Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрлымдары бойынша 8835 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылса, оның ішінде 3920 гектар аумаққа басты дақыл күріш егілді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: