Көлемі 900 шаршы метр болатын аумақтың 234 шаршы метрінің жануы анықталып отыр. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
8 қаңтар күні 14:01 минутта төтеншеліктерге Қармақшы ауданы, Дүр-Оңғар ауылы, Мыханов көшесінде орналасқан «Жаңа жол» ЖШС-ның күріш өңдеу зауытының ғимараты жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Тілсіз жауды сөндіруге 5 техника мен 40-қа жуық қызметкер жұмылдырылған.
– Қармақшы ауданы, Дүр-Оңғар ауылы, Мыханов көшесі нөмірсіз мекенжайда орналасқан «Жаңа жол» ЖШС-ның күріш ақтау зауыты ғимаратының шатыр асты ағаштарының 234 шаршы метр (жалпы ауданы – 900 шаршы метр) жануы анықталды. Өртті сөндіруге Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 15 қызметкер жұмылдырылды. Арақашықтық – 40 шақырым. Сондай-ақ, өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы қызметінен 20 қызметкер, 3 бірлік техника күш-құралы ретінде жұмылдырылды, – дейді Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ның баспасөз хатшысы Әлия Қайратқызы.
Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жинақталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген. Өрт 15:14-те оқшауланып, 15:30-да толық жойылған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің болжамды шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД Өрт зертханасы және анықтау бөлімінің өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтауда.
Фото: Қызылорда облысының ТЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!