Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күрежолға 150 тонна тұз аралас құм себілді

22.02.2024, 16:47 346

Бүгін таңнан бері өңірдің басым бөлігінде қар жауып, «Самара-Шымкент» тасжолында көктайғаққа қарсы шұғыл жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар күре жолдың 1702-2056 шақырым аралығында (Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы аумағында) тайғаққа қарсы материал себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оған «ҚазАвтоЖол» компаниясына қарасты «КАЖсервис» ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалынан14 арнайы техника мен 6 тиегіш көлік жұмылдырылып, жол бойында 50 жуық адам тынымсыз еңбек етуде.

«Қазіргі таңда жолға 150 тоннаға жуық құм-тұз араласқан материал себілді. Жағдай бір қалыпты. Жолда шектеулер орын алған жоқ. Көлік қатынасы екі бағытта да кедергісіз жүріп жатыр»- дейді «КАЖсервис» ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: