Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күлкім келді де қазақшаға аудара салдым…

31.01.2025, 9:50 56

HALYQLINE.KZ

Ойланатын дүние екен!

Бізге қойылатын ең ақылға қонымсыз сұрақтардың бірі: «СЕН НЕШЕ ЖАСТАСЫҢ?» деген сұрақ…

Оның жауабы біздің кіммен қалай қатынасатынымыз туралы ешбір түсінік бермейді…

Шынымды айтсам, мен жасымды білмейді екенмін…

Өйткені оның маған ешбір қажеті жоқ…

Өйткені біздің қанша жаста екеніміз маңызды емес, олардың қаншасында өмір сүргеніміз маңызды…

Маған кездескен 42 түрлі бейне маған күлкі сыйлаған еді деп айтқым келеді…

Алдымда тұрған адамның мені қаламайтынын білсем де 2 реткі «Мен сені сүйемін»-ім бар…

Менде тағы ұмытылмас 14 құшақ бар, оның 3-еуі қайталанбайды, өйткені оларды маған берген адам қазір дүниеде жоқ…

Менде «Кешіріңіз» деген жағдай 35-ке жуық болды, оның 8-і мені ешқашан кешірмеді…

Жақсы көретін адамымның қасында 6 күн ауруханада қондым, маған мән бермейтін бір адам туралы таңертең ерте 7 рет ойландым…

Мен 5200-ге жуық рет сүйіскенмін, бірақ 6-ауы ғана есімде…

Менде шет-шексіз 4 жаз және өте суық болған 3 қыс бар…

Жапа-жалғыз мұңайып…

Мен 25 түнді ұйқысыз, қажетсіз нәрселерді ойлаумен өткіздім…

Ішек-сілемді қатырған 150 күлкі, уәде еткен 10 күлімсіреуім бар…

Балалық шағымның 9 түрлі арманы бар…

Ұзақ уақыттан кейін түсінген 3 ақыл-кеңесім бар…

Менде жатқым келмеген 12 төсек және жатып оянсам екен деген 4 төсек бар…

Қайталағым келетін 5 қателік және өте өкінетін 2 қателігім бар…

Мыңдаған рет кешкі ас ішсем де ерекше есімде 3-еуі ғана қалыпты…

Менің бүкіл денем қалтыраған 43 жағдай болды…

120 концерт, 5450 фильм… Музыканы санау мүмкін емес…

Менде 5 «қоштасу» бар…

Олардың 2-еуіне мен шынымен қоштасқым келмеген еді…

Менде ешқашан айтпаған және үндемеуім тиіс болған көптеген нәрсе бар…

Егер білгің келсе, осылар – менің жасым…

АЛ ЕНДІ БҰЛАРДЫҢ ҚАНША ЖЫЛҒА ТИЕСІЛІ ЕКЕНІН ИТІМ БІЛЕ МЕ…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: