✓ Біздің елде билік – халықтың қызметшісі. Бірақ бұл қызметші өзіне сарай, көлік, күзет, заң және цензура талап етеді.
✓ Біреудің пікірін қолдау – қазіргіше айтқанда: «Өз бетің жоқ» дегеннің мәдениетті формасы.
✓ Өміріңде ешкімге зияның тимесе, онда сен бұл әлемде бекер жүргенсің.
✓ Күлкі – көз жасыңның буға айналған формасы.
✓ Көбелек – өмірі бір күндік, алайда бәрібір сенен көбірек өмір сүреді.
✓ Естелік – басыңдағы ауыр чемодан. Ашпасаң да, сүйретіп жүресің.
✓ Тәрбие – ол генетикалық ауру. Анасы жұқтырады, әкесі асқындырады.
✓ Достық – екі өтірікшінің бір-біріне шындықты айтпау келісімі.
✓ Әйелді түсіну үшін философ болу керек. Түсінгеннен кейін – психиатр.
✓ Қабір – адамның ең шынайы паспорты: туғаны да, өлгені де жазулы. Қалғаны өтірік болуы мүмкін.
✓ Актер емес, тек адам болуға тырысып еді – театрдан қуылды.
✓ Ұстаз – тақта алдында өмір сүрген Сизиф. Ол тас емес, үміт итеріп жүр.
Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!