Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселесі қаралды

07.04.2026, 0:48 25

Қазалы аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу және кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған мәжіліс өтті.

Бүгінде Қазалы ауданы бойынша — Мәдениет, Басықара, Жанқожа батыр, Байғожа стансасы, №99 бекет, Ойынды және Алтай бекеті сынды барлығы 7 табиғи ошақ (тәуекел аймағы) ретінде белгіленген. Бұған байланысты кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, залалсыздандыру жұмыстарының кезең-кезеңімен жүргізілмек. Атап айтқанда, бірінші кезең 27 сәуір – 5 мамыр аралығында, ал екінші кезең 6–12 мамыр аралығында жүзеге асырылады.

Мәжіліс барысында Жалғас Оңғарұлы елді мекендердегі санитарлық тазалықты күшейту, қора-жайлар мен аулаларды механикалық тазалау, мал бастарын толық қамту арқылы кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын сапалы ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жандандыру, ақпараттық материалдар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихат жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Жиында жауапты сала басшыларына дайындық деңгейін күшейту, қажетті дәрілік қорды қамтамасыз ету және бекітілген жоспардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылау міндеттелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: