Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көшпелі семинарлар ұйымдастырылды

15.08.2024, 15:40 158

Мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелеріне қатысты көшпелі семинарлар ұйымдастырылды
Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 5-14 тамыз аралығында Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелеріне қатысты көшпелі семинар өткізілді.

Басқарма мен оған қарасты Тілдерді оқыту орталығының жауапты қызметкерлері аудандарда іссапарда болып, кент, ауылдық округтерді аралады. Әкімдіктерде «Тіл туралы» Заң талаптарының орындалуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, көрнекі ақпарат, ономастика мәселелеріне орай әдістемелік көмек көрсетті.

Іссапар барысында қала, аудан әкімдігіне қарасты бірқатар кент, ауылдық окруктердің жұмыстары зерделенді. Зерделеуге қамтылған ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, әкімдіктердің ісқағаздарында орын алған кемшіліктерді жою, сауаттылыққа мән беру, есеп-қисап құжаттарында «Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар көшенің атауы жазылған аншлагтар зерделеніп, нәтижесімен тиісті әкімдіктерге көше аншлагтарын Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен үлгіде QR-код қосымшасымен бірге әзірлеу, көшеге есімі берілген тұлғаларға рұқсатсыз қойылған белгілерді алып тастау қажеттігі ескертілді.

Зерделеу жұмыстарының қорытындысымен қала, аудан орталықтарында аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, мамандарына арнайы семинар өткізіліп, онда «Тіл туралы» Заңға және ономастика саласы бойынша басшылыққа алынатын құжаттарға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Сондай-ақ, ауылдық округ мамандары мен тұрғындарының Тіл орталығы арқылы оқыту курстарына қамту мәселесіне көңіл бөлу, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы «http://xn--e1aard.kz/», «http://xn--80al1b2zud.kz/», «http://xn--d1afkqkb3mzwzv.kz/», «http://xn--e1agggceilq.kz/», «Тілқұрал», т.б. сайттарының көмегін пайдалану ұсынылды.

Семинар барысында басқарма қызметкерлері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: