Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көшпелі алқа мәжілісі өтті

08.11.2025, 1:27 95

Шиелі ауданында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылдың І жартыжылдық қорытындысына арналған көшпелі алқа мәжілісі өткізілді. Жиынға Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков және Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықова төрағалық етті.

Алқа мәжілісінде өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, халық денсаулығын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары және алдағы кезеңге қойылған міндеттер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы санитариялық талаптардың сақталуы, ауыз су сапасына жүргізілетін бақылау, қоғамдық тамақтану орындарындағы санитариялық-гигиеналық тәртіптің орындалуы мәселелері көтерілді.

Қазіргі таңда, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру арқылы халық денсаулығын сақтау – басты басымдықтардың бірі. Осы мақсатта Үкімет тарапынан кешенді шаралар қабылданып, профилактикалық бақылау мен мониторинг жұмыстары күшейтілуде.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков санитариялық мәдениетті қоғамда жүйелі қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, сала мамандарын тұрғындармен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жандандыруға шақырды.

Жиын қорытындысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: