Естеріңізде болса, осыдан тура 4 жыл бұрын Сырдың бас шаһарына облыс әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы және «Еуропалық қайта құру даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес үлкен сыйымдылықтағы автобустар әкеліне бастады. Алғашқы лекпен келген үлкен сыйымдылықтағы көк түсті автобустар біршама жыл халыққа қызмет көрсетті. Дегенмен, соңғы уақытта олар ізім-ғайым жоқ боп кетті. Сөйтсек…
Одан кейін, 2016 жылы көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қытайлық копаниялар арқылы тағы да үлкен сыйымдылықтағы жасыл түсті автобустар алынған болатын. Міне, осы сәттен бастап көк автобустар көзден бұлбұл ұшты.
Сонымен алғашқы лекпен келген көк автобустар қайда?
Аталған сауалға «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов:
– Ең бірінші алынған көк автобустарды жасыл түске бояп, №14 бағытқа қостық. Қазір сол бағытта қатынайды, – дейді.
Серіктестік өкілі қазіргі күні қалаға 240 қоғамдық көлік жетіспейтінін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!