Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көргенсіздік туралы

07.11.2024, 7:00 114

HALYQLINE.KZ

Бір топ адам қонақта отырмыз. Әйелдер жағы басым. Кенет біреуі суырылып шығып, күйеуін жамандай берді. Отырғанның бәрі мұқият тыңдап отыр. Айтып отырған әйел түсіністік пен мақұлдау күтеді. Әңгіме арасында екеуге ғана аян болуы тиіс бүкіл құпияны жайып салды. Әлбетте, ерін көміп тастайтындай ащы шындықтар айтылды.

Құрбылар басын изеп, мақұлдады. Алайда көбіне әлгі бейшара күйеудің кемшілігіне миығынан күліп, мазақтап отыр. Әңгіменің соңында әлгі келіншек маған бұрылып қарады. Менің пікірім қызықтырған екен.

Байқауымша, менің де мақұлдауым қажет. Маған бұл хикая мүлде ұнамады. Жалпы үндемей отырған едім. Ол бұрылып қараған соң елдің бәрі маған қарады.

– Бағзы заманда Нұх бопты, – деп бастадым, – Иә, сол атақты кемеге мінген Нұх. Ақырында ол топан судан құтылып, аяғы жерге тиеді. Отбасымен аман-есен қалады. Оның үш ұлы болған – Хам, Сам, Жаппас.

Өмірінде бірінші рет жүзімдік өсірген Нұх шараптың не екенін білмепті. Ең алғаш рет шарапты ішіп көріп, масайып, шатырында ұйықтап қапты. Шатырдың қасынан өтіп бара жатып, Хам тыржалаңаш жатқан әкесін көріп, күліпті. Жүгіріп барып, ағаларына айтып, мас боп қалған әкесін көрсетпекке соларды шақырады.

Ағалары келеді. Бірақ табалдырыққа келгенде, көздерін төмен түсіріп, арқасын беріп кіреді де, қолдарына түскен көрпемен әкесінің үстін жауыпты.

Сол заманнан бері Хамның аты көргенсіздікті білдіретін бопты.

Қонақтар үн-түнсіз. Мен ешкімді соттағым келмейді. Әлгі келіншекке кеңес бердім:

– Оның кемшілігін тізе бергенше, ажыраса сал…

Көргенсіз болу – парықсыздықтың бір белгісі. Тәкаппар, менмен пенденің өзімшіл жаны өзгенің кемшілігін тауып алғыш келеді. Соны елге паш етіп, күліп, мазақ етіп, өзгенің алдында өзін биіктетуді ғана көздейді.

Рустем  Шарафисламов

Аударған  Шынар  ӘБІЛДА

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: