Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпқабатты үйде өрт шығып, 18 адам эвакуацияланды

01.06.2025, 6:05 171

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Ә.Бөкейхан ауданының Көк тоғандар шағын ауданында болған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 10 қабатты үйдің 8-қабатында орналасқан пәтердің балконы жанған. Қатты түтіннің салдарынан баспалдақ маршымен 18 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Тұрғындардың оқиға туралы уақытылы хабарлауының арқасында өрттің таралуына жол берілмей, дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: