Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көктемгі көшет» тал егу акциясы

13.03.2025, 15:25 59

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалыда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Көктемгі көшет» тал егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, игі бастамаға қолдау білдірді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ресми парақшада ақпарат таратты.

Аудан орталығы Әйтеке би кентінде өткен акцияға түрлі сала қызметкерлері мен белсенді жастар және еріктілер қатысып, орталық көше бойын көшетпен көмкерді. Мұнан бөлек, кенттің бірнеше аумағында ұйымдастырылған іс-шараға көше комитеттері мен тұрғындар да қатысып, акция асында қарағаш, сырталы сынды барлығы 100-ге жуық жас көшет отырғызылды.

Айта кетейік, мереке қарсаңында қазалылықтар тал егумен қатар тазалық іс-шараларын да ұйымдастырып, экологиялық акцияға белсенді үлес қосуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: