Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы пысықталды

26.03.2024, 15:25 287

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көктемгі егінге әзірлік барысын баяндады.

Егін науқанының басталуына байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Жалағаш ауданында жүйелі жұмыстар атқарылатын болады. Бұл туралы аудан әкім Ардақ Ибраимов мәжіліс отырысында айтты.

2024 жылғы көктемгі егістің уақытылы орналасуы және шаруашылықтардың белгіленген тәртіппен жоспарланған жанар-жағар майды уақытылы алуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, болуы мүмкін су тапшылығын ескере отырып, инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру схемасының сақталуы қатаң бақылауда болады.

Су тапшылығы болатын ауылдардағы шаруашылықтар арасында су алу кестесі дайындалып, кестеге сәйкес су алуы қамтамасыз етіледі. Суға қарызы бар шаруашылықтарға қысқа мерзімде қарызды қайтару қажеттігін жеткізді.

Берілген тапсырмалардың орындап, қажетті шаралар қабылдау сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатовқа тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: