Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

06.02.2025, 17:25 112

HALYQLINE.KZ

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы-көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау бағытында облыс көлемінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.

Бүгін Сырдария өзенінің сол жағалауында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарының I кезеңіне қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай және әр саланың жауапты мамандары қатысып, қаланың азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Рисмаш шағын ауданындағы қорғаныс бөгеті тұсында өткізілді. Оқу-жаттығуға Азаматтық қорғаудың кіші жүйелерінен 39 техника және 119 адам жұмылдырылды.

Айта кету керек, аталған іс-шараның мақсаты – 2025 жылғы қала аумағын су басу қаупі бар аймақтардағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою кезіндегі алғашқы іс-әрекеттерді пысықтау.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: