HALYQLINE.KZ Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарындағы мұздарды тазалау жұмыстарына ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК мекемесі тарапынан 26 арнайы техника мен 250 жұмысшы жұмылдырылып, тұз аралас құм себілуде.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында түнгі сағат 01:00-ден басталған тазарту жұмыстары 2 ауысыммен жүргізілуде, ол үшін арнайы кезекшілік кестесі бекітілген.
Бірінші кезекте көлік ағыны көп орталық көшелер, әлеуметтік нысандар аумағы тазартылуда.
Сондай-ақ, арнайы техникалармен жаңбыр суы тазартылып, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!