Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Аталған сессияда Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі бойынша хабарлама жасады. Ол өз хабарламасында облысымызға белгілі, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосқан Дайрабай Ысқақов, Ибрагим Абибуллаев, Шакизат Төребаев, Айтбай Көшербаев, Рамазан Тайманов, Марат Дүйсенбаев, Болатбек Қуандықовқа облыстың «Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс жасады.
Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел игілігі жолында еңбек еткен азаматтарды қолдап және жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қабылдады.
Коллаж ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!