Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кімдер әкім болып сайланды?

11.12.2023, 16:00 441

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облысы бойынша қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Әкімдер сайлауы барысында сайлаушылар жергілікті жердің дамуы мен өркендеуі жолында өз таңдауларын жасады.

Дауыс беру нәтижесінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті әкімінің лауазымына Тныштықбай Айдын Маратұлы (сайлаушылардың 10099 дауысын жинаған, 1993 жылы туған, өзін-өзі ұсынған), Талсуат ауылдық округіне Бейсенбаев Ерлан Тұтқабайұлы (743 дауыс жинаған, 1975 жылы туған, өзін-өзі ұсынған) сайланса, Арал ауданының Арал қаласына Ұзақов Батыржан Жансерікұлы (13607 дауыс жинаған, 1984 жылы туған, «Amanat» партиясынан ұсынылған), Қамыстыбас ауылына Балмырзаева Азат Төлебайқызы (701 дауыс жинаған, 1984 жылы туған, «Amanat» партиясынан ұсынылған), Қаратереңде Маханов Берікбол Кешубайұлы (641 дауыс жинаған, 1990 жылы туған, өзін-өзі ұсынған) басым дауыспен жеңіске жетті.

Ал, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымына Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы (18527 дауыс алған, 1986 жылы туған, «Amanat» партиясынан ұсынылған) лайық деп танылса, Қазалы қаласына бұрынғы кенті әкімі Орынбасаров Қайрақбай Жақсыбайұлы (3151 дауыс жинаған, 1971 жылы туған, «Amanat» партиясынан ұсынылған) Майлыбас ауылына Әбілхан Алмат Аманқосұлы (706 дауыс жинаған, 1967 жылы туған, «Amanat» партиясынан ұсынылған) сайланды.

Мұнан бөлек Сырдарияның Бесарық ауылына Сарсенбаев Дәулет Абайұлы (704 дауыс жинаған, 1978 жылы туған, «Amanat» партиясынан ұсынылған), Шиелі ауданының Бестам ауылдық округіне Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы (649 дауыс, 1983 жылы туған, өзін-өзі ұсынған) және Жаңақорғанның М.Нәлібаев ауылына Сердалиев Бақдаулет Тұрсынбайұлы (339 дауыс жинаған, 1988 жылы туған, өзін-өзі ұсынған) көпшілік дауысқа ие болды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: