Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кезекті комиссия отырысы өтті

03.05.2024, 9:25 245

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиында «Кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Н.Сайымовтың, «Колледж студенттері арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы» Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Б.Сайдулланың хабарламалары тыңдалды.

Жиналыс қорытындысымен комиссия отырысының төрағасы жасалған хабарламалар мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, тиісті мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: