Бүгінде Шиелі кентінің келбетін келісті етіп, жасыл желекке орау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, орталық алаң маңы, Иманжүсіп Құтпанұлы ескерткішінің алдына 22 мыңнан астам раушан гүл, живая изгородь, щафран, брисклет, шығысгүл сынды гүлдер мен Ясауи, Бәкіров көшелерінің қас беттеріне 1500 түптен астам терек, тұт, сакура, катальпа көшеттері егілді.
Сонымен қатар, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тиімді үйлестіру үшін биыл тамшылатып суғару әдісі қолданылуда. Яғни, арнайы биогумус органикалық тыңайтқышы қосылған су толтырылған бөшкелермен әрбір көшеттің тамырына су берілуде. Бұл арқылы көшеттердің өсімін арттыру көзделіп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!