Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экологиялық сауаттылықты арттырудағы ауылдық бастамаларды дамыту маңызды

06.12.2023, 15:10 228

«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі 2023 жылдың наурыз – қараша аралығында «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты негізінде жүзеге асырды.

Жобаның мақсаты – әлеуметтік және экологиялық мәдениетті көтеру, халықтың экологиялық санасы мен жауапкершілігін арттыру арқылы аумақтардың қоқыс қалдықтарымен ластану мәселелерін шешу бойынша Қамыстыбас және Сабалақ ауылдары тұрғындарының белсенділігін дамыту.

Жоба аясында Сабалақ және Қамыстыбас ауылдарының қоқыспен ластану мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік органдармен ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін азаматтық белсенділерді 4 бастамашыл топтарға біріктіре отырып, экокеңесшілер құрамы бекітілді, оларға арналған мастер-класстар ұйымдастырылды.

Әр ауылдың 2 учаскесінде (барлығы 4 учаске) қоқыстарды одан әрі жақын маңдағы полигондарға апару арқылы қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруға бағытталған орталықтар жұмыс жасады. Ауыл мектептерінде экологиялық кеңесшілерді қолдау орталықтары (мұғалімдер мен оқушылар арасында) ашылып, белсенді жұмысы жүргізілді. Биологиялық қалдықтарды одан әрі пайдалану бойынша жергілікті кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бағытында кездесулер өтіп, аймақтың экобелсенділерінің тренерлігімен семинарлар ұйымдастырылды.

Ауылдардағы қоқыстарды жинау және шығару бойынша талқылаулар, көршілердің жиындары (сход), Қамбаш көлі маңын тазалау сенбіліктері, қоқысты полигонға жеткізу және оларды бөліп жинау бойынша ұсыныстары жинақталып, әдістемелік құрал әзірленді. Экологиялық проблемаларға және аумақтардың ластануына байланысты проблемалар анықталып, қорытынды конференцияда мемлекеттік органдармен бірлесе талқылау жүргізу, ұсыныстармен жұмыс істеу жоспарланып отыр. Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін талқылау үшін экобелсенділер мен кәсіпкерлердің (фермерлердің) тиімді өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасалуда. Ауыл мектептерінде экосабақтар ұйымдастырылып, Арал ауданы, Сабалақ саяжайы оқушыларына «Қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму мақсаттары», «Қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығы» тақырыбында презентация таныстырылды.

Экосабаққа қатысушы оқушылар қалдықтарды бөлек жинау, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға қатысты ойын түрінде өткен тренингке қатысып, экологиялық мәселелерге қатысты шығарма жазды, өз ойларымен бөлісіп, түрлі жобалардың идеяларын ортаға салды. Мектеп қабырғасында қараша айының соңғы онкүндігінде экологиялық апталық өтті.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында құрылған бастамашыл топтардың ұсыныстары желтоқсан айында өтуі жоспарланған экологиялық конференцияда талқыланбақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: