HALYQLINE.KZ ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады? Ол үшін:
* Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
* SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;
* Компьютеріңізде веб-камера болуы керек;
* Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
Порталдың басты бетінде еgov.kz «ЭЦҚ қашықтықтан алу» батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басыңыз.
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз;
Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.
МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;
«ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),»Бастау» батырмасын басу қажет»;
Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге «орналастырып», фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басыңыз;
Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет»;
Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;
Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;
Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және «Ашу» батырмасын басыңыз».
ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және «сертификаттарды Жүктеу» батырмасын басыңыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!