Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Италияда 100 дәрігер коронавирустан қайтыс болды

10.04.2020, 21:13 416

HALYQLINE.KZ –| Дәрігерлер коронавирус инфекциясымен тиісті қорғаныс құралдарынсыз күресуді “әділетсіз күрес” деп санайды.

Италияның “FNOMCeO” денсаулық сақтау қауымдастығы ақпан айында Жерорта теңізі еліне пандемия жұққаннан бері 100 итальялық дәрігер коронавирус індетінен қайтыс болғаны туралы мәлімдеді.

«Өкінішке орай, COVID-19 салдарынан қайтыс болған дәрігерлердің саны 100-ге жуық, 101-ге жетуі де мүмкін», – деді қауымдастық өкілі.

Қайтыс болғандар қатарында үкімет бір ай бұрын арнайы шақырған зейнетке шыққан дәрігерлер бар.

Біз дәрігерлерге, медициналық қызметкерлерге бұдан кейін де коронавируспен күресуге рұқсат етеміз, – деді қауымдастықтың сайтында FNOMCeO президенті Филиппо Анелли.

ISS Рим қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың 10 пайызы денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: