HALYQLINE.KZ Бүгін #қысқаданұсқа айдарында ХҚО-ға бармай-ақ, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті берудің оңай әрі ыңғайлы жолын таныстырмақпыз.
Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.
✅ Бастапқы бетте жылжымайтын мүлік бөлімін таңдаңыз;
✅ Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметін таңдап, онлайн сұрау батырмасын басып, деректерді толтырыңыз;
✅ Өтініш түрін көрсетіп, жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырыңыз;
✅ Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеңіз;
✅ Төлем түрін таңдаңыз.
Қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік түріне қарай беріледі:
1. Пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күнi
2. Жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары – 5 жұмыс күнi
3. Жалпы ауданы 1000 м2 дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері – 7 жұмыс күні
4. Жалпы алаңы 1000 м2 асатын объектілер – 10 жұмыс күні
Өтініштің қарастырылғаны туралы жауап жеке кабинетіңізге келіп түседі. Дайын құжатты алу үшін көрсетілген уақытта біздің корпорациямыздың фронт-офисіне бару қажет.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!