Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықаралық дәрежедегі маман біліктілік арттыру семинарын өткізді

30.11.2023, 10:40 179

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдамалық-тапсырмасына сәйкес оңалту мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапхана залында семинар өтті.

Аталған іс-шараны республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ҰҚК Академиясының доценті, сарапшы-психолог Шакимова Лола жүргізді. Семинарға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінің психолог маманы Кульбаева Шынар қатысты.

Халықаралық дәрежедегі семинар-тренингтерді жүргізіп жүрген тәжірибелі маман Лола Шакимова семинар қатысушыларына қызмет бабында кездесетін түрлі жағдайға сараптама жасап, маман ретінде қызметкерлердің өзін-өзі ұстауы мен іс-қимылы жайлы толық түсіндірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: