«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы газ тарату желілерінде жөндеу-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін Қызылорда қаласының Титов және Гагарин ықшам аудандарында (қоса берілген сызбаға сәйкес) жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммерциялық-тұрмыстық нысандардың тұтынушыларына табиғи газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Газ беру уақытша тоқтатылған кезеңде газ жабдықтарының алдындағы крандарды жабуыңызды және 2025 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 15:00-ден бастап «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлеріне газ беру үшін үй-жайларға кіруге мүмкіндік беруіңізді сұраймыз.
Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!