Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ФСМС-те қандай өзгерістер болды: қор Финмин қарамағына өткеннен кейін не өзгерді

19.03.2026, 14:45 53

ФСМС-тің Қаржы министрлігі қарамағына өтуімен қаржылық бақылау күшейтіліп, цифрлық антифрод жүйесі енгізілді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын талдау үшін жасанды интеллект қолданыла бастады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Қор басқарма төрайымы Гүлмира Сабденбек бұған дейін жүйедегі басты мәселе тұтас басқарудың болмауы және көрсетілген қызмет көлеміне ғана басымдық беріліп, нақты нәтижеге жеткілікті көңіл бөлінбеуі болғанын атап өтті.

Осы мәселелерді шешу үшін қор бір жарым ай ішінде кешенді шаралар қабылдады. Атап айтқанда, қаржы ағындарын бақылау күшейтіліп, медициналық көмектің көлемін шектеу және қызметтерге ақы төлеу тәсілдері қайта қаралды.

Сонымен қатар, қор негізгі қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыруды бастап, ұйымдық құрылымды оңтайландырды. Бұдан бөлек, алдын алу сипатындағы антифрод-бақылау жүйесі құрылып, ауытқулар мен күмәнді жағдайларды анықтау үшін жасанды интеллект енгізілді.

Фото: informburo.kz телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: