Ертеде бір патшаның қараса көз тоймайтын аса көрікті әйелі болады. Бірақ мінезі өте нашар еді. Араларында ұрыс-жанжал жиі болатын. Жүйкесі жұқарған патша бір күні ажыраспақшы болады. Оны естіген уәзірлері патшаға кеп басу айтып:
— Жұбайыңыз өте көрікті жан, мұндай сұлу әйелді еш жерден таппайсыз, — деп мақтау айта бастайды.
Патша үн-түнсіз тыңдап отырып, бір кезде:
— Етігім қалай, ұнайды ма? — деп сұрайды.
— Өте әдемі!
— Қымбат бұлғарыдан жасалған. Патшалықтың ең танымал етікшісі арнайы мен үшін жасап берген болатын. Сондықтан менікіндей етік ешбір жерде табылмайды.
— Иә, иә, айтқаныңыздай екен – өте сәнді етік екенін мойындаймыз. Бірақ біздің сұрағымызға қандай қатысы бар мұның?
Патша былай деп қысқа жауап берген екен:
— Етігім аяғымды қысады…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!