Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ескерткішті орнату қағидаларына өзгеріс енгізілді

26.12.2024, 11:30 90

HALYQLINE.KZ

Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына өзгеріс енгізілді. Бұдан кейін бір елді мекенде бір аса көрнекті тұлғаға немесе маңызды оқиғаға бір ғана құрылыс орнатылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы Ерқазы Алданазаров мәлімдеді.

– ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Монументтік өнер құрылыстарын орнату қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және маңызды тарихи оқиғалар болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң орнатылады. Республикалық деңгейдегі БАҚ беттерінде және жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында жұмыс жобаларына республикалық конкурс жарияланады. Республикалық комиссияның қарауына кемінде 3 жұмыс жобасы ұсынылады. Монументтік өнер құрылыстары мемлекеттік меншіктегі жалпы ортақ пайдаланылатын орындарда орнатылады. Талаптарды ескермей ескерткіштер орнатылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады, – деді Ерқазы Алданазаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: