Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткі: Бір сәттік елес – өмірлік өкініш

20.01.2026, 9:30 37

HALYQLINE.KZ

Бүгінде біздің қоғамда, әсіресе жастар арасында ең қауіпті індеттің бірі – есірткі, оның ішінде «синтетика» мәселесі болып тұр. Көбіне бәрі қызығушылықтан, «бір рет көрейін» деген ойдан немесе достарының үгіттеуінен басталады. Бірақ сол бір реттік қателік адамды түпсіз тұңғиыққа итеріп жіберетінін көбіміз ескере бермейміз.

Меніңше, есірткіге үйір болу — ол әлсіздіктің белгісі. Нағыз мықты адам қиындықтан қашпайды, оны химиялық заттардың көмегімен ұмытуға тырыспайды. Есірткі адамның тек денсаулығын ғана емес, оның арман-мақсаттарын, отбасымен қарым-қатынасын және болашағын күл-талқан етеді. Бірнеше минуттық жасанды ләззат үшін бүкіл өміріңді құрбан ету – ең үлкен ақымақтық. Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану, білім алу, өзіңді дамыту – нағыз тренд. Бізге салауатты ұрпақ керек. Жаман әдет болашақты бұзады. Есірткіден алыс жүр, жауапты азамат бол.

Сондықтан, достар, күмәнді ұсыныстардан бас тартып, «жоқ» деп айтуды үйренейік. Біздің болашағымыз тек өз қолымызда. Алға! Өміріңді улауға жол берме, өйткені сенің алдыңда әлі талай асу мен бақытты сәттер күтіп тұр. Дұрыс таңдау жаса!

#есірткігеқарсы

#противнаркотиков

Бекнұр  Алтынбекұлы  БАҚЫТ,

№63  орта  мектебінің  11-оқушысы,

Арал  ауданы,

Ақбай  ауылы

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: