Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Есірткі армандарды өлтіреді!»

17.11.2025, 10:50 189

Жас дос, замандас! Бүгінгі қоғамның ең қауіпті дерттерінің бірі – есірткі. Ол адам өмірін ғана емес, оның болашағын, арман-мақсатын, тіпті үкілеген үмітін де жойып жібереді. Бір сәттік әлсіздік, жалған ләззатқа алдану жылдар бойы құрған армандарды күлге айналдырады.


Есірткіге алғаш жақындаған адам көбіне оның салдарын ойламайды. Бірақ шындық өте қатал: есірткінің тұзағынан құтылу қиын, ал оның соңы көбінесе қайғылы аяқталады. Денсаулық әлсірейді, сана тұманданады, жанұя мен достарыннан алыстайсың, тіпті өміріңдегі ең қымбат адамдарға ауыртпалық әкелесің. Ал ең бастысы – адамды алға жетелейтін арманынды жоясың.


Есірткіге қарсы күрес тек дәрігерлер мен құқық қорғаушылардың міндеті емес, ол – әр азаматтың борышы. Әр адам өзіне, жақындарына жауапты. Бір ауыз ескерту, бір мейірімді сөз бір адамның өмірін құтқаруы мүмкін.
Әр жас өз өмірінің қожайыны екенін ұмытпау керек. Армандарды кемел болашаққа жетелейтін – еңбек, білім, табандылық. Ал есірткі – сол болашаққа барар жолды бір-ақ сәтте күйрететін қас жау.
Есірткі – өмірді өшіреді, арманды өлтіреді!
Ақ жолды таңда — жүрегіңе жарық орнат!

Жаннұр Рсалиева,
№99 орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушысы,
Ақай ауылы,
Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: