Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл-талқан етеді!»

13.11.2025, 14:35 169

Есірткіге қарсы күрес – тек медициналық немесе құқықтық мәселе емес, бұл – ұлт тағдырына қатысты мәселе. Ал есірткіге тәуелді болу — жай ғана жаман әдет емес, бұл — адамның өмірін жалмайтын, тағдырын тас-талқан ететін жау. Бір рет қана байқап көремін деген ой — өмірлік өкінішке, орны толмас зардапқа әкеледі. Есірткіге тәуелді адам — еркіндігін жоғалтқан адам. Ол тек өзіне емес, отбасына, айналасына да қауіп төндіреді. Есірткі адам денсаулығын құртады, психологиялық күйзеліске ұшыратады, рухани да, физикалық та күйреуге алып келеді.

Әрбір жас — еліміздің болашағы. Болашақты қараңғылық емес, білім мен үміт, тұрақтылық пен мақсат алып жүруі керек.

Сондықтан мен үндеу тастаймын!

Біз — жастар, жарқын болашақтың иесіміз!

Біз — өз өмірімізге өзіміз жауаптымыз!

Біз — есірткіге «ЖОҚ!» дейміз!

Ата-ана, ұстаз, қоғам — бәріміз жұмылып, болашақ ұрпақты есірткіден арашалап қалуымыз керек. Таза сана, салауатты өмір, мақсатты бағыт — міне, нағыз жеңіс жолы!

Есіңде болсын: өмір — бір-ақ рет беріледі. Оны есірткімен емес, армандармен толтыр!

Бүгінгі таңда – ЖОҚ деу, ертеңгі күнге – ҮМІТ себу!

Халилуллаев Әбілмансұр Нұрболұлы,

№145 «Бірқазан» орта мектебінің 11-сынып оқушысы,

Қызылорда қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: