Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ермұрат Бапи уланды ма?

09.07.2024, 14:40 291

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ауырып қалғанын, қазіргі таңда нақты диагноз әлі белгісіз екенін айтты.

Депутат ісіп кеткен қолы мен денесіндегі дақтардың суретін жариялады.

«Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді… Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен… Көрерміз… Аман болайық, ағайын!» деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Ермұрат Бапи – 2023 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланған қазақстандық журналист. Ол «Дат» оппозициялық газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. Былтыр «Парасат» орденімен марапатталған.

Ол депутат болғалы қазақстандықтарды алаңдататын өткір мәселелерді көтеріп жүр. Әсіресе, «Ескі Қазақстан» өкілдері, оның ішінде Назарбаев әулетін жиі сынайды.

Дереккөз: Abai.kz.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: