Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерболат Көштаев: «Жол саласына жаңашылдық қажет»

24.05.2022, 13:35 490

HALYQLINE.KZ Биыл елімізде «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК құрылғанына 3 жыл! Уақыт өлшеміне салсақ көп емес, әрине. Бірақ, осы азғантай мерзімде жол құрылысын бақылаушы мекеме ел жолдарының жай-күйін жақсартуға, кем-кетігін түзетуге айрықша септігін тигізді. Олай дейтініміз, үш жылда еліміз бойынша сапасыз салынған мыңдаған шақырым жол сүріліп, қайта салынды. Бүгінде асфальт жабындылары заманауи зертханаларда тексеріліп, нормативтік талаптарға сай қатаң қадағаланады. Сапасы сын көтермейтін құрылыс материалдары анықталған жағдайда олқылықтарды жою бағытында жол сапа орталығымен ауқымды жұмыс атқарылуда.

Жалпы, бұрынғы заман мен қазіргі жол салудың технологиясы жер мен көктей. Себебі, өндіріс бір орнында тұрмайды. Ол жылдан жылға дамып, трансформациялау кезеңі әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Яғни, заман ағымынан қалмау маңызды. Тәуелсіз мемлекетіміз жол құрылысын жүргізуде ескі әдіс-тәсілден арылып, бұл бағытта жаңашылдыққа бет-бұрып келеді. Осы ретте, орталық мамандары да жыл сайын білім-біліктілігін арттырып, шет елдің озық технологияларын игеріп қана қоймай оны күнделікті өндіріске енгізіп отыр.

Мәселен, зертханадағы жұмысты тиімді үйлестірудің бірден-бір жолы ол – «Kaidzen» жаңашылдығы. Бұл тың жобаны биылдан бастап қызылордалық жолшылар да жүзеге асырып, орталық зертханасы  халықаралық талаптарға сай үлгіде қайта жабдықтауды қолға алдық. Материалдық-техникалық базаның жаңғыруымен жол құрылысының сапасы да жаңа деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз. Өйткені, алда жол инфрақұрылымына қатысты бізді үлкен жобалар күтіп тұр.

Ерболат КӨШТАЕВ,

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК

Қызылорда облыстық филиалының директоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: