Қаламыздың тазалығы мен көркеюі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдіру – азаматтық борышымыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз – «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жүргізушісі Рүстембек Ибраев. Ол 17 жылдан бері арнайы техникамен қыста қар, жазда қоқыстарды жинап, шаһар тазалығына үлесін қосып келеді.
– Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да тоқтаусыз еңбек етеміз. Ең бастысы – жұмысымызға деген құрмет. Биыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануы – қарапайым еңбек адамдары, біз үшін үлкен мәртебе. Себебі, нағыз өндіріс пен құрылыстан бастап, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласына дейінгі барлық маңызды істер жұмысшы мамандардың қолында, – деді Рүстембек Ибраев.
Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!