HALYQLINE.KZ –| Коронавирус жұқтыру өсімі 7 күн бойы 7 пайыздан аспағанда халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бұл жайында ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған ел халқын коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулыда айтылған.
– Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері 7 күн бойы COVID-19-ға шалдығу өсімінің деңгейі 7 пайыздан аспаған жағдайда 2 және одан да көп адамның әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бірге серуендеуі барысына міндетті түрде маска тағу арқылы тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беруді; 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасының мүшелері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, саябақтарға, алаңдар, гүлзарларға және ойын-сауық нысандарынсыз жағалауларға баруын рұқсат етсін, – делінген қаулыда.
Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық (3 адамнан көп топ немесе бір отбасы мүшелері) сақтай отырып аулаға шығуға, Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен қосымша талаптарды және күшейтілген санитарлық-залалсыздандыру режимін міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері арасында (әуе рейсімен) баруға/келуге рұқсат берілмек.
4 адам бирге журуге болама
Егер төртеуіңіз де бір отбасы мүшесі болсаңыздар, (әкесі, анасы, балалары) болады.
парктерде ашылдыма сонда?