HALYQLINE.KZ Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен 7 ауданның 70-ке жуық шаруашылығы мен кәсіпорынының өндірген құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннадан астам жоғары сапалы өнімдері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ұсынылуда.
Айта кетейік, жәрмеңке 10-11 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласы «Астана Арена» спорт кешенінің жанында өтеді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылатын жәрмеңке бұл жолы өзіндік сәнімен ерекшеленеді.
Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Көрмеге Сыр елінің мақтанышы, негізгі дақыл – күріш, Қызылорданың бүкіл Қазақстанға әйгілі қауын-қарбызы, Арал теңізінің дәмді балығы және басқа да өнім түрлері ұсынылады.
Сонымен қатар, сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!