Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздегі дәмханаларда ауызашар қанша тұрады?

02.03.2025, 6:22 144

Рамазан айында мейрамханалар мен дәмханалар арнайы ас мәзірін ұсынды.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану орындары түрлі ас мәзірін ұсынады. Мәзірде бірінші және екінші ыстық тамақ, шырын мен шайға арналған тәттілер бар. Мәселен алдымен түрлі сорпаны таңдауға болады. Ал, ыстық тамақтан манты, қуырдақ пен күріш жеуге болады. Сонымен бірге ауызашар кезінде түрлі көкөністен жасалған жеңіл салаттарға да тапсырыс қабылданады. Шай дастарқанына кептірілген жеміс немесе шығыс тәттілері ұсынылады. Қазіргі кезде барлық мейрамхана мен дәмханада құрма мен су тегін беріледі.

Қазақстан бойынша бір адамға арналған мәзір құны 3 мың теңгеден басталып, 7 мыңға дейін жетеді. 

Астана, Атырау, Алматы мен Ақтөбеде дайын мәзірдегі ауызашар бағасы жоғары. Мұнда кешкі тамақ 5 000 теңгеден басталып, адам басына 15 000 теңгеге дейін жетеді. 

Қызылорда, Түркістан, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Орал, Қарағандыда баға төмен. Мұнда бір адамға арналған ауызашар мәзірі 2 500 теңгеден басталады. 

Жезқазған, Ақтау, Қостанай, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қонаев, Шымкент пен Таразда ауызашар мәзіріндегі тағам бағасы 3 000 теңгеден басталады.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: