Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде төтенше жағдай қайта енгізіле ме?

14.10.2020, 11:50 614

Жақында коронавирус пандемиясы бірнеше елде қайтадан күшейе бастағаны анықталды. Біздің елде қатты күшіне енбесе де, вирус жұқтырушылар саны сәл көбейгені байқалады. Еліміздің кейбір өңірінде шектеу шаралары күшейтіле бастады. Кеше ғана Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы және Есіл ауданының орталығы Явленка ауылы 12 қазанда карантинге жабылып, блокбекеттер қойылатыны хабарланды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да карантиндік шаралар күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Abai.kz хабарлады.

Осыған байланысты көпшілікті елде тағы да төтенше жағдай жариялана ма деген сұрақ мазалағаны анық. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы сұраққа өзі жауап берді.

– Мұның барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай мұны қажет етсе, ол енгізіледі. Бірақ біз қазір Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаймыз деп үміттенеміз, өйткені әрбір азамат жаппай іс-шаралар ұйымдастырмай, қашықты сақтай отырып, маска тағып, халықты қорғауға бірлесіп атсалысады. Егер мұның бәрі жасалса, онда біз карантинсіз шығуымыз мүмкін, – деді Цой.

Ең жаңа мәліметтерге сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 38 миллионнан асты. Оның ішінде 26 миллионнан астам адам ауруды жеңді. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша құрбандар саны 1 миллион 85 мың адамға жеткен. Вирус жұқтырғандар ең көп тіркелген 4 ел – АҚШ, Үндістан, Бразилия және Ресей.

Айта кетейік, ел халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 2020 жылы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған болатын. Ел аумағындағы төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: