Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде қымыз бен шұбат бағасы қандай?

22.03.2025, 12:20 141

Қазақстанда қымыздың литрі орта есеппен 1000 теңгеден басталады. Ал Алматыда бұл сусында көп мөлшерде (шамамен 50 литр) сатып алсаңыз, литрін 500 теңгеге береді. Жалпы Алматыда қымыздың орташа бағасы 1000-1200 теңге.

Сонымен бірге көтерме баға Қызылордада да төмен. Мұнда бір литр қымызды 800 теңгеге табуға болады. Ал бөтелкедегі қымыз құны 1000-2000 теңге аралығында. Көкшетауда Башқұртстаннан әкелінген сусынның бөтелкесі 800 теңге тұрады. Ал 1,5 литрлік жергілікті сусын құны 1700-2000 теңгеден сатылып жатыр.

Шымкенттіктер қымыздың литрін 1000 теңгеге сатып алады. Түркістан дүкендерінде бөтелкедегі қымыз бағасы 1100 теңгеден басталады.

Тараз және Атырау тұрғындары шөл басатын әрі емдік қасиеті бар сусынды 1200 теңгеге (жазда баға 1000-1100 теңге болады) сатып алады.

Астанада қымыздың литрі орта есеппен 1200-1500 теңге тұрады. Қымызды талғап ішетіндер тәттісін, ысталғанын таңдап қалауын ала алады.

Қостанай дүкендерінде қымыз құны 1300-1400 теңге тұрады. Ал ақтөбеліктер орта есеппен 1419 теңгеден (0,5 литрі 600-800 теңге) сатып алады.

Талдықорған, Қонаев, Орал, Петропавлда қымыз құны 1500 теңгеден басталады.

Павлодарда бір литрі 1500-1700 теңге, жаз айларында 1000-1200 теңге тұрады.

Өскемен мен Семейде литрі 1700-2400 теңгеден сатылады.

Қымыз құны батыс пен еліміздің орталығындағы кейбір қалада қымбат. Мәселен Ақтауда 1800, Қарағандыда 1800-2000, ал Жезқазғанда 2000-2400 теңге тұрады.

Шұбат

Шұбат бағасы қымыздан кем түспейді. Бірақ кейбір қалада баға жоғары.

Түркістан, Ақтау мен Алматыда шұбаттың литрі 1000 теңгеден басталады. Талдықорған мен Қызылордада одан 100 теңгеге қымбат.

Тараз, Шымкент, Атырауда шұбаттың литрі 1200 теңге. Ал жаз айларында баға сәл түсіп, 1000-1100 теңге болады.

Елордада шұбат бағасы — 1300 теңге.

Қостанай, Павлодар, Ақтөбе мен Оралда шұбат бағасы 1500 теңгеден басталады. Көбіне сусынның бұл түрі дүкенде сатылады.

Петропавл тұрғындары шұбаттың литрін 1600 теңгеге сатып алады. Сонымен бірге Қонаевта баға 1600-1700 теңге тұрады. Қарағандылықтар шұбаттың литрін 1600-2000 теңгеге алып жүр.

Өскемен, Семей, Жезқазғанда баға жоғары. Мұнда шұбаттың литрі 2000-2600 теңге тұрады.

Ең қымбаты Көкшетауда болып шықты. Мұнда шұбаттың литрі 5000 теңге тұрады. Ал 250 грамы — 1288 теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: