Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалпылама есептен нақты статистика шықпайды

17.09.2025, 8:40 128

HALYQLINE.KZ

«Нарықта жұмыс істемей тұрған компаниялардың болуы жалған статистикаға жол береді. Бұл елімізде «бәленбай мың компания жұмыс істеп тұр» деп, көрсеткішті көтеріп есеп беруге ғана жақсы. Бізде ол компаниялардың неге жұмыс істемей тұрғанын, белсенділіктері неге төмендегенін арнайы зерттейтін, талдайтын орган жоқ. Ең басты қателігіміз осы. Жалпы, мониторинг жасалады. Ал әр компанияның еңбек өнімділігін, өнім шығарудағы белсенділігін, нарықтағы бәсекелестігін жеке-жеке таразылап жатқан ешкім жоқ. Мысалы, қазір инфляцияның әлеуметтік мазмұны бүркемеленіп жатыр. Өйткені бізде инфляцияны әрбір нарық секторы бойынша есептеу тетігі қалыптаспаған. Тұтыну нарығында инфляция қандай, өнеркәсіп саласындағы инфляцияның көлемі қанша, ІТ саласындағы инфляцияның көрсеткіші қанша – осының барлығы жеке-жеке есептелмейді. Үкімет жалпы экономиканың, ЖІӨ-нің деңгейіне қарайды да, инфляцияны соған шағып, жалпылама есептей салады. Жалпылама есептен нақты статистика шықпайды. Жұмыс істемей тұрған компанияларға қатысты да оңтайлы шешімдер қабылдау керек. Санда бар, санатта жоқ, тек көрсеткішті ғана көбейтіп тұрған компанияларды жойып, олардың орнына бюджетке салық төлейтін, пайдасы бар кәсіпорындар мен компаниялар ашу керек».

Жаңабай АЛДАБЕРГЕНОВ,

экономика ғылымының докторы, профессор

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: