Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалпы ішкі өнім көлемі төмендеп кетті

22.06.2020, 17:10 939

HALYQLINE.KZ ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, – деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауына қарамастан, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімі – 4,5%-ға қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар өсімнің 85%-ы шикізаттық емес салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

Экономика өсімінің негізгі драйверлері – өңдеу өнеркәсібі (4,5%), құрылыс (12,9%), көлік (5,1%) және сауда (7,6%) болды. Негізгі капиталға cалынған инвестициялар 8,5%-ға, оның ішінде жеке инвестициялар 9,5%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы $97 млрд дейін өсті, сыртқы сауданың оң сальдосының өсімі $19 млрд құрады. Инфляция жоспарланған дәліз шегінде 5,4%-ды құрады. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1,7%-ға төмендеді. Бұл ретте экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді. Тауарлар өндірісі 4,8%-ға артты.

 – Қазіргі жағдайда Үкіметтің негізгі міндеті – экономика өсімінің оң қарқынына шығу үшін қажетті жағдайларды жасау. Ол үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр, – деді А.Мамин.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезінде экономиканы тұрақтандыруға және халықты қолдауға бағытталған жедел әрі шұғыл шаралардың 2 топтамасы (биылғы 23-30 наурыз аралығы) қабылданғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: