Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалаңтөс батыр ауылында екі көшеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды

22.09.2025, 17:40 170

HALYQLINE.KZ

Биыл Қазалы ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Мәселен, биыл Әйтеке би кентінің 16 көшесін, Басықара ауылындағы Т.Мұсабаев, Жалаңтөс батыр ауылындағы Ә.Тілеубаев пен Жалаңтөс батыр көшелерін орташа және күрделі жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан бөлек, «Қазалы – Көларық – Бекарыстан би – Жаңақұрылыс» бағытындағы 6,5 шақырымдық және «Жанқожа батыр елді мекеніне кіреберіс» 3 шақырымдық автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев Жалаңтөс батыр ауылындағы Ә.Тілеубаев пен Жалаңтөс батыр көшелеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, жауапты мердігер мекеменің басшысына жол құрылысының ең әуелі сапасына аса мән беруді, сондай-ақ жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жалаңтөс батыр ауылындағы 2 көшеге де жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС айналысуда. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің жалпы ұзындығы 2,244 шақырымды құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: