Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта дәрігерлік амбулаторияның кірпіші қаланды

24.07.2024, 14:30 241

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов Қаракеткен ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Алдымен аудан әкімі ауыл тұрғындары, сала мамандары және ардагерлермен кездесті. Елді мекендегі халықтың сұранысына ие жаңа нысан Мемлекет басшысының, үкмет басшысы және облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Қаракеткен ауылдық округінен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға республикалық бюджеттен 189,5 млн теңге, облыстық бюджеттен 59,3 млн теңге қаржы бөлінді

 Құрылыс жұмыстары барысында алғаш кірпіш қалау рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, сала ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Дәрігерлік амбулатория құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: