Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

10.04.2026, 17:25 55

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады.

Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы инвестициялық ықпалдастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

Мемлекет басшысы қаржы институтын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, Еуразиялық даму банкі стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруда Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Николай Подгузов Президентке ЕАДБ-ның экономикалық болжамын таныстырды. Банк дерегінше, 2026 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұл көрсеткішке инвестиция көлемінің артуы, ірі инфрақұрылымдық бағдарламалардың жүзеге асырылуы, ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы оң әсер етпек.

Кездесу кезінде 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында банктің жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткені айтылды. Оның 5,2 миллиард доллары Қазақстан экономикасына бағытталған. Бұл көлем қаржы институтының соңғы 15 жылда елімізге салған инвестициясына тең.

Салалар бөлінісінде 2,1 миллиард доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар энергетикаға, 1 миллиард доллар көлік инфрақұрылымына, 1,1 миллиард доллар қаржы секторына жұмсалған. Бұдан бөлек, цифрландыруды дамыту мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беріліп отыр.

Президент банк қызмет көрсететін аймақтардың ауқымы едәуір кеңейгеніне назар аударып, бұл үдеріс жаңа жобаларды жүзеге асыруға және өңірлік экономикалық интеграцияны күшейтуге жол ашатынын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан экономикасын орнықты дамыту үшін стратегиялық әріптестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: