HALYQLINE.KZ Теңге бағамы қаңтардың басынан бастап 1,7 пайызға нығайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
– Биылғы ақпан-наурызда мұнай өндіруді қысқарту туралы ОПЕК+ шешімінің есебінен биылғы жылғы қаңтарда мұнай бағасының өсуі орын алды. Баға өсуінің оң серпіні ақпанда да жалғасып, мұнай бағасы бір баррель үшін 63,3 АҚШ долларына жетті, – деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, мұнай бағасының өскенімен АҚШ долларының өсуі себебінен дамушы елдер валюталарының әлсіреуі орын алды.
Нәтижесінде қаңтарда Бразилия реалы 5,4, Мексика песосы – 3,3, Оңтүстік Африка ранды мен Ресей рублі – 3,2 әлсіреді.
Теңге бір АҚШ доллары үшін 424,21 теңгеге дейін 0,8 пайызға төмендеді.
- Республикалық бюджетке трансферт бөлу, квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сатуы аясында Ұлттық қор активтерін конвертациялау теңге бағамына оң әсерін тигізді. Биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша биылғы жылғы 15 ақпанда теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 416,92 теңге болып, ай басынан бастап 1,7 пайызға нығайды, – дедіеліміздің бас банкирі.
ҚҰБ баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!